Басты бетЖаңалықтарАлматыда жастар арасында жұмыссыздық деңгейі төмендеп жатыр

Алматыда жастар арасында жұмыссыздық деңгейі төмендеп жатыр

Қалалық жастар саясаты басқармасы жұмыссыздықты азайту және жастарды жұмыспен қамту бойынша жобаларды жүзеге асырып жатыр.

Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ведомство мәліметінше, бұл бағыттағы негізгі құралдардың бірі — Jasalmaty.kz порталы.

Биыл жыл басынан бері бұл платформа 3,5 мың жасқа тұрақты жұмыс табуға көмектесті. Платформада 5 мың компаниядан 7 мыңнан астам бос жұмыс орны орналастырылған, — деп жазылған хабарламада.

Жыл басынан бері 7,5 мың адам көмек сұрап жүгінген, оның ішінде 5,7 мыңы жұмысқа орналасқан.

Айта кетейік, қалада 695 мыңнан астам жас тұрады, олардың 442 мыңы еңбекпен қамтылған.