Басты бетЖаңалықтар"ЦОН" мобайл қолданбасында жаңа сервис іске қосылды

«ЦОН» мобайл қолданбасында жаңа сервис іске қосылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ «ЦОН» мобайл қолданбасында зейнетақы мен жәрдемақы түрлерін есептейтін пайдалы сервисті іске қосты.

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бұл – азаматтарға үйден шықпай-ақ алдын ала әлеуметтік төлемдердің мөлшерін шамалауға мүмкіндік беретін ыңғайлы құрал, — деп жазылған хабарламада.

Сервис 2025 жылғы 28 сәуірден бастап жұмыс істеп тұр. Қызмет іске қосылған сәттен бастап 4 470 адам есептеулер жүргізіп үлгеріпті. Бүгінгі таңда калькулятор арқылы сегіз әлеуметтік төлем/жәрдемақы мен зейнетақы түрлері бойынша бес негізгі санатты есептеуге болады:

  • зейнетке шығу: базалық, ынтымақты және жинақтаушы зейнетақы;
  • бала туу: жүктілікке, босануға немесе бала асырап алуға байланысты табыстан айырылу кезіндегі төлем, сонымен қатар 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы;
  • мүгедектік: еңбекке қабілеттігінен айырылу жағдайындағы әлеуметтік төлем;
  • жұмыссыз қалу: жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем;
  • жақын адамынан айырылу: асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төлем.