Басты бет Жаңалықтар Алматы мен Астанадан Черногорияға тікелей рейстер іске қосылады

Алматы мен Астанадан Черногорияға тікелей рейстер іске қосылады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Air Astana әуе компаниясы Астана мен Алматыдан Черногорияға тікелей рейс ашатынын хабарлап отыр.

Подгорица қаласына рейс 7 маусымнан бастап Алматыдан және 8 маусымнан бастап Астанадан орындалады.

Қазақстан азаматтары Черногорияда 30 күнге дейін визасыз бола алады.

2024 жылы қазақстандықтар Черногорияға 1 мамырдан 31 қазанға дейін бара алды. 2025 жылғы наурызда бұл ел визасыз режимді 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартты, — делінген хабарламада.

Exit mobile version