Басты бетЖаңалықтарАлматы мен Астанадан Черногорияға тікелей рейстер іске қосылады

Алматы мен Астанадан Черногорияға тікелей рейстер іске қосылады

Air Astana әуе компаниясы Астана мен Алматыдан Черногорияға тікелей рейс ашатынын хабарлап отыр.

Подгорица қаласына рейс 7 маусымнан бастап Алматыдан және 8 маусымнан бастап Астанадан орындалады.

Қазақстан азаматтары Черногорияда 30 күнге дейін визасыз бола алады.

2024 жылы қазақстандықтар Черногорияға 1 мамырдан 31 қазанға дейін бара алды. 2025 жылғы наурызда бұл ел визасыз режимді 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартты, — делінген хабарламада.