Басты бетЖаңалықтарАлматыда 4 мыңға жуық мопед жүргізушісі жауапқа тартылды

Алматыда 4 мыңға жуық мопед жүргізушісі жауапқа тартылды

Алматыда мопед жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтауға бағытталған жұмыс жалғасып жатыр.

Бұл туралы қалалық ПД хабарлап отыр.

2025 жылғы 5 сәуір, яғни мопедтерді пайдалануға қойылатын жаңа талаптар күшіне енгеннен бері Алматыда 1,5 мыңға жуық мотокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Құқық бұзуды анықтау шаралары «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілді.

Жаңашылдық бойынша, мопед жүргізушілерінен «А» санатындағы жүргізуші куәлігі, көлік құралын мемлекеттік тіркеуден өткізу, сақтандыру полисі мен мемлекеттік нөмір болуға тиіс.

Осы талаптар енгізілгелі бері қалада 4 мыңға жуық мопед жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған 1,5 мыңға жуық мопед арнайы айыппұл тұрағына қойылған. Бұл көліктердің ішінде жүргізуші куәлігі мен мемлекеттік нөмірсіз басқарылған, қауіпсіздік талаптарын елемегендер де бар. Бұзушылықтар патрульдік қызмет, стационарлық бекеттер және бейнебақылау жүйелері арқылы тіркеледі, — деді Алматы қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.