Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда шамамен 7,4 миллион гектар жерге егін себілді

Қазақстанда шамамен 7,4 миллион гектар жерге егін себілді

Көктемгі егіс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп, бүгінгі күні 7 376,9 мың гектар жерге егін себілді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлап отыр.

Шаруалар 17,1 миллион гектар алаңда ылғал жабу жұмыстарын жүргізді, 8,1 миллион гектарда егіс алдындағы топырақ өңдеу, 1,9 миллион гектарда көктемгі жырту жұмыстары атқарылды.

Биылғы жылға тұқымға қажеттік – 2,3 миллион тонна, 100% көлемде дайындалды. Толық сараптамаға 2,1 миллион тонна тұқым тапсырылып, оның 1,9 миллион тоннасы тексерілді, тексерілген тұқымның 99%-і кондициялы, — деп жазылған хабарламада.

2025 жылға арналған минералды тыңайтқыштарды енгізу жоспары 1,9 миллион тонна болды. 20 мамырдағы жағдай бойынша 1 010,5 мың тоннаға жеткізуге шарттар жасалды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да