Басты бетЖаңалықтарАлматыда көпқабатты ғимараттар сүрілді

Алматыда көпқабатты ғимараттар сүрілді

Алматыда өз бетінше салынған құрылыс нысандары сүрілді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Нұр-Алатау шағын ауданында заңсыз салынған үш қабатты екі ғимарат бұзылды.

Жоспардан тыс жүргізілген тексерістен кейін меншік иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот ғимараттарды бұзу туралы шешім шығарды. Алғашында бұзу жұмыстары ерікті түрде басталғанымен, кейін оның толық орындалмағаны анықталды. Қазір сот орындаушыларының қатысуымен мәжбүрлі түрде бұзылып жатыр, — делінген хабарламада.

Кейінгі екі жылда Алматыда заңсыз салынған 74 нысан сүрілді. Олар: ұрғын үй кешендері, сауда орындары және өз бетінше тұрғызылған басқа да құрылымдар толық немесе жартылай бұзылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да