Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Шарм-эль-Шейх әуежайында қаза болған қазақстандық әйелдің денесі елімізге бүгін жететінін айтты.
Мәйітті барлық қажет процедура аяқталған соң, бүгін жеткізу жоспарланып отыр. Менің білуімше, шығынды Египет тарапы көтереді. Моралдық өтемақы бойынша да мәселе шешілген. Бұған қоса қазақстандық сақтандыру компаниясы қосылды, — деді Әлібек Қуантыров мәжіліс кулуарында.
Оның айтуынша, Мысыр әуежайында жеңіл жарақат алған екі отандасымыз да елге оралған.
Еске салайық, 17 мамырда Египетте Қазақстан азаматтарына жарнама тақтасы құлап, бір адам оқиға орнында қаза болды.