Басты бетЖаңалықтарЗаң қабылданды: Қазақстан мен Қырғызстан одақтастықты тереңдетеді

Заң қабылданды: Қазақстан мен Қырғызстан одақтастықты тереңдетеді

Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартты ратификациялауға арналған заңды қабылдады.

Шарттың негізгі мақсаты — екі жақты ынтымақтастыққа қосымша серпін беру. Ол үшін құжатта саяси, әскери, сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, транзит-көлік, су-энергетика, білім беру, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту қарастырылған.

Одақтастық қатынастарды тереңдету жолында жоғары мемлекетаралық кеңесі маңызды рөл атқарады. Парламентаралық байланыстар да күшейтіледі.

Сонымен қатар тараптар терроризмді, экстремизмді және сепаратизмді, трансұлттық ұйымдасқан қылмысты, киберқылмысты, заңсыз көші-қонды, адам саудасын, қару-жарақтың, есірткінің, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымын қоса алғанда, қауіпсіздіктің қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен қатерлерге қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастықты кеңейтеді және тереңдетеді, — делінген заң жобасында.

Бүгін депутаттар заңды бірауыздан қабылдап, сенаттың қарауына жіберді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да