Басты бетЖаңалықтарПетропавлда екі сауда желісі иелерін бопсалаған блогерлер сотталды

Петропавлда екі сауда желісі иелерін бопсалаған блогерлер сотталды

Петропавлда «Магнум» және «Семейный» сауда желілері иелерін бопсалағандар сотталды. Бұл туралы СҚО прокуратурасы хабарлап отыр.

Петропавл қаласының екі тұрғыны сауда желілерінен «рейд» деп аталатын бейнетүсірілімді және әлеуметтік желілерде жариялауды тоқтату үшін ақша бопсалаған.

Олар ұялы телефондарға сауда желілерінің дүкендеріне барғаннын жазып, жария етілген жағдайда меншік иелерінің мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін ақпарат жинаған. Кейін ақпаратты Instagram әлеуметтік желісінде және Youtube арнасына салған, — дейді прокуратура.

Сотталғандардың кiнәсi толық дәлелденді.

Айыптау үкiмi алқабилердің қатысуымен шығарылып, екi адамға жеті жылға бас бостандығынан айыру түрiнде жаза тағайындалды, — дейді облыстық прокуратура.

Үкім 6 мамырда күшіне енді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да