Алматыда Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
20 мамыр күні сағат 23:00-ден бастап 23 мамыр күні сағат 16:00-ге дейін Абай даңғылының Алатау көшесінен Строительная көшесіне дейінгі бөлігі бойынша көлік қозғалысы шектеледі. Аумақты Алатау көшесі арқылы солтүстік және оңтүстік бағытта айналып өтуге болады.
Сонымен қатар 22 мамыр сағат 23:00-ден 27 мамыр сағат 16:00-ге дейін Қ.Медеубеков көшесі (Карьерная көшесі) қиылысындағы қозғалысқа шектеу қойылады. Бұл учаскені оңтүстік жақтан У.Қараманов, Грушовая, Виноградов көшелері арқылы, сонымен қатар Строительная көшесімен солтүстік және оңтүстік бағытта айналып өтуге болады.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жобасы осы жылы толық ашылады деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 600 метрлік бөлік бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жалпы ұзындығы – 5,3 км.