Басты бетЖаңалықтарТүркістан облысының түлегі ҰБТ-да 140 ұпайды жинады

Түркістан облысының түлегі ҰБТ-да 140 ұпайды жинады

Түркістан облысының түлегі ҰБТ-да ең жоғары 140 балл жинады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жәнібек Әбілхан — Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның түлегі. Жәнібек бұл мектеп-гимназияда 1-ші кластан бастап білім алып келеді.

Оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуде информатика пәнін таңдаған.

Көпбалалы отбасыдан шыққан Жәнібек бала күнінен ізденімпаз, білімді оқушы. Жәнібектің жетістігі — табандылық пен жүйелі дайындықтың нәтижесі, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да