Петропавлда денесінің 90%-ін күйік шалған 30 жастағы ер адам шұғыл түрде қалалық көпсалалы жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.
Бұл туралы Петропавловск.news хабарлап отыр.
Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ол канистрден дәнекерлейтін лампаға бензин құю кезінде жарақат алған.
Әйелінің айтуынша, оқиға кезінде ер адамның қолында тұтатылған темекі болған. Жарылыс болып, киімдері өртеніп кеткен. Зардап шегуші бірден жансақтау бөліміне жеткізілді, — делінген хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша науқас 2–3А-В дәрежелі күйік алған. Басы, денесі, аяқ-қолы, тыныс алу жолдары зақымданған. ІІ сомымен қатар ІІІ дәрежелі күйік шогын алған деген диагноз қойылды.
Ер адам жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр және тұрақсыз деп бағалап отыр. Дәрігерлер барлық қажет көмекті көрсетіп жатыр.