Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда жыл басынан бері 60 бала терезеден құлап кетті

Қазақстанда жыл басынан бері 60 бала терезеден құлап кетті

Төтенше жағдайлар министрлігі балалардың терезеден құлау жағдайларына байланысты алаңдаушылық білдірді.

Ведомство мәліметінше, жылы мезгілдің басталуымен, сонымен қатар жазғы мектеп демалысы кезінде жыл сайын осындай оқиғалар саны артады.

Осы жылдың басынан бастап балалардың терезеден құлауына байланысты 60 жазатайым оқиға тіркелген. Бес бала оқиға орнында қайтыс болды, 55 бала түрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді, — деп жазылған хабарламада.

Министрлік мәліметінше, 2024 жылы осындай 196 оқиға тіркелді. Әдетте, мұндай жазатайым жағдай ересектердің қарауынсыз қалған екі жастан 13 жасқа дейінгі балалар арасында болады. Көбінесе қайғылы оқиғалар балалар москит торларына сүйенген кезде болады, себебі бұл торлар салмаққа шыдамайды.

Ведомство басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің барлық өңірінде профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Құтқарушылар,ата-аналармен кездесу кезінде және балалар мекемелерінде рейдтер, профилактикалық іс-шаралар өткізеді. Азаматтардың қауіп-қатер туралы хабардарлығын арттыру үшін ақпараттық ресурстар белсенді түрде тартылып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да