Басты бетЖаңалықтарБиыл елімізде 217 мың түлек мектеп бітіреді

Биыл елімізде 217 мың түлек мектеп бітіреді

Биыл ел аумағында соңғы қоңырау салтанатты шарасы 23-24 мамырда өтеді. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеп отыр.

Оқу жылын «Білімім – Отаныма» бірыңғай сынып сағатымен қорытындылау жоспарланып отыр.

11-класс түлектеріне арналған салтанатты шараны әр мектептің педагогикалық кеңесінің шешіміне сәйкес «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында 23-24 мамырда өткізу ұсынылады, — деді Ғани Бейсембаев үкімет отырысында.

Түлектерге аттестатты тапсыру рәсімі 18-20 маусым аралығында өтеді.

9 және 11-класс оқушыларының қорытынды емтихандары 29 мамыр-16 маусым аралығында тапсырады. Биыл 11-класты 217 мың түлек аяқтайды, сонымен қатар 9-класс бітіретін 364 мың оқушы мектепте оқуды жалғастыру немесе колледжге түсу туралы шешім қабылдайды, — дейді ол.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да