Басты бетЖаңалықтарҚызыл кітапқа енген қар барысы видеоға түсіп қалды

Қызыл кітапқа енген қар барысы видеоға түсіп қалды

«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген қар барысы бейнетұзаққа түсіп қалды.

Паркке камералар жабайы жануарларды бақылау мақсатында орнатылған.

Бұл сирек кездесетін бейнежазба — қар барысының ұлттық парк аумағында әлі де мекендейтінін дәлелдейді және табиғи ортаның тұрақтылығын көрсетеді, — деп жазды парк мамандары.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да