Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда қанша блогер табысын декларациялады?

Қазақстанда қанша блогер табысын декларациялады?

Қазақстандық салық органдары 850 блогерге хабарлама жіберді. Олардың жартысынан азы салық төлеген.

Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеп отыр.

Вице-министрдің айтуынша, хабарламалар шамамен 850 блогерге жіберілген.

Олардың ішінде шамамен жартысына жетпейтін, яғни 360-қа жуық блогер өз табыстарын 10,5 миллиард теңге көлемінде ерікті түрде растады. Төлем сомасы 256 миллион теңге болған. Жұмыс жалғасып жатыр. Кейбірінің төлеу мерзімі әлі жетпеген болуы мүмкін, – деді Темірбеков Мәжіліс кулуарында.

Егер блогерлер қарыздарын жаппаса, ол мәжбүрлі түрде өндіріледі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да