Қазақстанның бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа сот үкімі шықты.
Астананың қылмыстық істер жөніндегі соты мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі Ерлан Қожағапановты қызметтік өкілетін теріс пайдаланды деп танып, оны үш жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Екінші айыпталушы SUCCESS K стратегиялық коммуникациялар агенттігінің бас директоры Ләззат Көккөзова бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салумен үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Ерлан Қожағапанов 2-дәрежелі «Айбын» ордені түріндегі мемлекеттік наградасынан айырылып, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы сақталсын… Ләззат Көккөзова кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу жазасына кесілді. Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қамауға алу түріне ауыстырылсын, Ләззат Көккөзова сот залында қамауға алынсын, – деп үкім шығарды Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Қанат Тобағалиұлы.
Еске салайық, Ерлан Қожағапанов 2024 жылғы наурызда ұсталды. Оған 2018 жылы Петропавлда Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастығы форумын ұйымдастыру кезінде 1 миллиард теңгені жымқырды деген айып тағылды.