АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден қуықасты безінің қатерлі ісігіне шалдыққаны белгілі болды. Бұл ақпаратты Джо Байденнің кеңсесі растады.
Диагноз 16 мамырда, жұма күні, дәрігерлер тексеріс кезінде қуықасты безінен шағын түйін тапқаннан кейін қойылған. Кейін бұл түйін сүйекке метастаз берген қатерлі ісік екені анықталды.
АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіде Джо Байденге тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.