АҚШ президенті Дональд Трамп 8 мамырды Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні деп белгіледі. Бұл туралы америкалық көшбасшы Truth Social желісінде жазды.
Біздің көптеген одақтастарымыз бен достарымыз 8 мамырды Жеңіс күні ретінде тойлайды. Десек те, біз Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жету үшін өзге елдерден айтарлықтай көбірек үлес қостық. Осыған орай мен 8 мамырды Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні, ал 11 қарашаны Бірінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні деп жариялаймын, — делінген Трамптың мәлімдемесінде.
Дональд Трамп АҚШ-тың екі соғыста да жеңіске жеткенін баса айтты.
Айта кетейік, Екінші дүниежүзілік соғыс 1945 жылғы 2 қыркүйекте Жапонияның капитуляция туралы актіге қол қоюымен ресми аяқталды.