Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында білім бөлімінің басшысы мен 7 бухгалтер сотталды

Алматы облысында білім бөлімінің басшысы мен 7 бухгалтер сотталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың нәтижесінде Алматы облысында жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесті.

Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Алматы облысында Іле аудандық соты аудандық білім бөлімінің басшысы Л.Каткееваға және осы бөлімнің жеті бухгалтеріне қатысты үкім шығарды.

Олар білім беру саласында нақты еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақы аудару арқылы 686 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сонымен қатар ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, өзінің жүргізушісін ведомстволық бағынысты мектеп-гимназияға жалпы сомасы 4,9 миллион теңге жалақы заңсыз төленген кәсіптік бағдар беруші лауазымына жалған жұмысқа орналастырған. Каткеева мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, — делінген хабарламада.

Бухгалтерлерге мемлекеттік қызметте 10 жыл қызмет атқаруға тыйым салынып, жеті жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да