Басты бетЖаңалықтарОралда «Заң мен тәртіп: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – тұрақты қоғамның...

Оралда «Заң мен тәртіп: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – тұрақты қоғамның негізі» тақырыбында семинар-тренинг және тимбилдинг өтті

Іс-шара Орал қаласы әкімдігінің ұйымдастырумен өтіп қоғамда адалдық қағидаттарын нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалы өкілдері қатысып, өздерінің сараптамалық ұсынымдарын ортаға салды.

Қатысушылар сыбайлас жемқорлықпен күрестің заманауи тәсілдері, мемлекеттік қызметтегі ашықтық, жастар арасында құқықтық мәдениетті дамыту секілді маңызды тақырыптарды талқылап, тәжірибе алмасты.

Мұндай іс-шаралар – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты мемлекеттік басым бағыт ретінде жүзеге асыру тапсырмасының нақты қадамы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да