Басты бетPushҚасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Қазақстан президенті 1953 жылғы 17 мамырда Алматыда дүниеге келген.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институт бітірген. Ол ұзақ жылдар бойы лауазымды қызметтер атқарды. 1994 жылы Қазақстанның сыртқы істер министрі болып тағайындалады.

1999 жылғы қазанда парламенттің келісімі бойынша премьер-министр болды. 2011 жылғы наурызда БҰҰ бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры, сондай-ақ қарусыздану жөніндегі конференцияда БҰҰ бас хатшысының жеке өкілі болып тағайындалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының президенті ретінде ант қабылдады. Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін Қазақстан президенті туған күн тойламайтынын жазғанбыз.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да