Басты бетЖаңалықтарАлматыда Момышұлы көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Алматыда Момышұлы көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Алматы спорт басқармасы 18 мамырда қалада қайырымдылық жарысы өтетінін хабарлап отыр.

Іс-шараның өткізілуіне байланысты 18 мамырда сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін жарыс өткізілетін ауданда көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылады.

Бауыржан Момышұлы көшесінің (оңтүстік бағытта) Мөңке көшесінен (Бигвилль Arena City ТК) Almaty Arena-ға дейінгі учаскеде бір автобус жолағы және жеңіл автомобильдерге арналған бір жолақ жабылады. Осы бағыттағы қалған жолақ штаттық режимде жұмыс істейді. Сонымен қатар Almaty Arena аумағындағы айналма көше толығымен жабылады. Бұл учаскеде 5 және 10 шақырым қашықта қауіпсіз жүгіру маршруты ұйымдастырылады (маршрут картасын қараңыз), — делінген хбарламада.

Фото: Алматы спорт басқармасы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да