Әнші Бүркіт триллер жанрындағы фильм түсіріп жатыр

Бүркіт режиссура мен сценарийлік шеберлік дәрістерінен сабақ алып, кино түсіргісі келетінін айтқан болатын. Осыдан бір жыл бұрынғы сұхбатында әнші көрерменнің жүрегін елжірететін кинокартиналар түсіруді көздейтінін айтқан болатын.

Сондай-ақ, Бүркіт америкалық кинолардың моральдік тұрғыда дұрыс тәрбие бермейтіндігін, өзі зорлыққа құрылған фильмдерді түсірмейтінін кесіп айтқан.

«Тұтқындар» толықметражды картинасы триллер жанрында түсіріліп жатыр. Сондықтан, туындыда зұлымдық пен ашу шақыратын көріністердің болуы әбден мүмкін.

Әзірге, фильмге актер Бауыржан Сатовтың және қазақстандық сәнбике Айлин Елеукенованың түсіп жатқаны белгілі.

Кинотаспа өндірісімен «Otan film» киностудиясы айналысуда.

ДереккөзBrod.kz