Басты бетЖаңалықтарАлматы метросында төлемнің барлық түрі болады

Алматы метросында төлемнің барлық түрі болады

Алматы метрополитенінде турникеттер жаңара бастады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 2025 жылғы күзге қарай жолаушылар жолақыны тікелей кіреберісте — Apple Pay, Google Pay немесе Samsung Pay сервисі бар смартфонды немесе банк картасын құрылғыға тигізу арқылы төлей алады.

Бұған дейін банк картасымен касса арқылы немесе арнайы бір турникет арқылы ғана төлеуге болатын. Енді барлық бекеттегі турникеттер байланыссыз төлем жүйесімен жабдықталады.

Бұл жаңашылдық көлік картасын қолданбайтын немесе жетон сатып алуға уақыт құртқысы келмейтіндер үшін өте қолайлы, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да