«Қазгидромет» РМК синоптиктері Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады.
16 мамырда Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Балқаш, Шымкент, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады, — деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.