2025 жылғы 16 мамырда Астана уақытымен сағат 05:12-де ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық желісі жер сілкінісін тіркеді.
Жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 253 км жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.
Координаттары: 42.235° солтүстік ендік, 79.698° шығыс бойлық.
Мамандардың есептеуі бойынша, Қазақстан аумағында жер асты дүмпуін сезіну үшін күші жеткіліксіз болды.