Қазақстанда жұмыртқаны терең өңдейтін зауыт салынады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың Thorniko, Ovodan Egg Group және «Шаңырақ» компаниялар тобының өкілдерімен кездесуінде айтылды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жобаға «Шаңырақ» компаниялар тобы бастамашы болған.
Біз қолданыстағы заңнама аясында толық қолдау көрсетуге дайынбыз. Мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған, — деді Айдарбек Сапаров.
Ал инвесторлар қуаттылығы тәулігіне 1 миллион жұмыртқа болатын кәсіпорынның құрылысы 2025 жылғы тамыз айында басталатынын хабарлады. Жобаның жалпы құны — 15 миллиард теңге.