Мәжіліс депутаттары «Жасанды интеллект туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасында алдымен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беріліп отыр.
Екіншіден, заң осы саладағы әзірлеушілер мен инвесторлар үшін түсінікті және ашық «ойын ережелерін» жасайды. Үшіншіден, заң жобасы экономикада жасанды интеллектті енгізу кезінде мемлекеттің рөлін айқындайды, — дейді депутат Екатерина Смышляева.
Оның айтуынша, заң жобасының маңызды бөлігі – ұлттық жасанды интеллект платформасы. Бұл жасанды интеллект өнімдерін әзірлеу мен қолдануға арналған бірыңғай инфрақұрылым болады.
Бүгін мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Алда тағы екінші оқылым бар.