Алматыдағы Райымбек батыр даңғылында жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Әкімдіктің мәліметінше, қазір жұмыстар мына учаскелерді қамтиды:
- Райымбек даңғылы, 348/1-ден 451А-ға дейін (Әуезов ауданы);
- Розыбақиев көшесінің көпірінен Брюсов көшесіне дейін (аллея мен солтүстік жағы);
- Розыбақиев көпірінен Тұрғыт Озал көшесіне дейін, Брусиловскийден Тілендиевке дейін:
- Байзақов көшесінен Галилейге дейін;
- Райымбек даңғылы, 193-тен Төретай көшесіне дейін (солтүстік жағы);
- Райымбек даңғылы, 172-ден 174/2-ге дейін (оңтүстік жағы);
- Панфилов көшесінен Абылай хан, Чайковский және Желтоқсан көшесінің аралығы.
Әкімдіктің мәліметінше, аталған аумақтарда ескі асфальт жабындысын алу, тротуар плиткалары мен жиектастарды орнату, жаяу жүргіншілер мен веложолақтар салу және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.
Жұмыстың мақсаты – балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қосқанда, барлық тұрғынға қолжетімді, заманауи және жайлы қоғамдық кеңістіктер жасау, жаяу жүргіншілерге басымдық беру, – делінген хабарламада.
Уақытша шектеулер болуы мүмкін, сондықтан қала тұрғындары мен қонақтарына бағытты алдын ала жоспарлау ұсынылды.