Басты бетЖаңалықтарАбай облысында ұлттық парк қызметкерлерінің дипломы жалған болып шықты

Абай облысында ұлттық парк қызметкерлерінің дипломы жалған болып шықты

Абай облысында ұлттық парк қызметкерлерінің дипломы жалған екені анықталды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлап отыр.

Үржар ауданында 15 инспектордың жоғары білім туралы дипломы жалған болып шықты. Олар «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-не жұмысқа істеген.

Олардың кейбірі ұлттық парк жүйесінде 10 жылдан астам уақыт еңбек еткен. Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі «Көрінеу жалған құжатты пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, — делінген хабарламада.

Көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін 160 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе 40 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да