Алматының туризм бюросы алғашқы гастрогидін ұсынды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Онда қала қонақтары үшін 140-тан астам тамақтану орны мен гастрономиялық бағыт қамтылған.
Алматы әлем гурмандары үшін тартымды мекенге айналып келеді. Қала саяхатшыларды кулинарлық дәстүрлердің бірегей үйлесімімен, ерекше дастарханымен және қарқынды дамып жатқан мейрамхана кәсібімен қызықтырады. Мұнда қазақтың дәстүрлі ұлттық тағамдарын да, түрлі ұлыстардың асын да, сонымен қатар халықаралық тағамдардың авторлық жұмысын да татып көресіз. Алайда бұл саланың танымалдығы артып келе жатқанына қарамастан, Алматыда гастрономиялық бағытта қызмет көрсететін гидтер жоқтың қасы. Бұл жағдай бағытты дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Бұған байланысты Almaty Tourism Bureau Алматыны өңірдің гастрономиялық астанасы ретінде дамыту үшін арнайы гастрономиялық гид әзірледі, — делінген хабарламада.
Гидке 140-тан астам ерекше тағамдар мен дастархан ұсынатын мекемелер енген. Мұнда қалада гастрономиялық тәжірибе алуға арналған бағыттар, идеялар мен сценарийлер қамтылған. Бұл сценарийлер кәсіби гидтер мен тағам саласындағы сарапшылардың қолдауымен жасалған, сондықтан туристер үшін ұмытылмас әсер қалдыруы сөзсіз.
Гид бірнеше тақырыптық бағытты қамтиды. «Классикалық тур» Алматының тарихын тағамдар арқылы таныстырады.
«Дәстүрлі гид» қазақ ұлттық тағамдарына терең үңілуге мүмкіндік береді. «Мультимәдени гид» еліміздің мәдени алуан түрлі екенін ас мәзірі арқылы көрсетеді. «Тау мен гастрономия» бағыты белсенді демалыста татып көруге тұрарлық дәм топтасын ұсынады. Сонымен қатар «Инстаграмбл-маршрут» көркем локацияларды, ал Art&Eat концептуал әрі өнерге бағытталған орындарды таныстырады.