2025 жылы Қазақстанда 77 мыңнан аса бала дүниеге келген. Бұл туралы бірінші кредиттік бюро хабарлап отыр.
Ведомство мәліметінше, бұл көрсеткіш былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 16%-ке төмен. Ал 2014 жылдың бірінші тоқсанынан бері бұл ең төменгі көрсеткіш болып отыр.
Бұл ретте аман-есен туған нәрестелер саны бойынша айтқанда, бірінші тоқсандағы көрсеткіштер айтарлықтай төмен. Алайда соңғы толық 11 жыл ішінде бұл сан 90 мыңнан төмендеген емес. 2025 жылы туу көрсеткіші елдің барлық өңірінде төмендегені байқалады. Ең төмен көрсеткіштер Ақмола және Жетісу облыстарында тіркелген – тиісінше 22%-ке және 20,1%-ке азайған.
Жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіштер әдетте үшінші тоқсанда тіркеледі – ең жоғары туу көрсеткіші 2020 және 2021 жылдары байқалған.
Ауылдық жерлердегі жағдай одан да нашар – минус 18,1%, ал қалада – 14,2%.
Жалпы туу коэффициенті де төмендеген – қазіргі деңгей 15,39, бұл 2024 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 2,94-ке төмен.
Сонымен қатар қайтыс болғандар саны 7,2%-ке азайып, 31 мың адам болған.