2024–2025 оқу жылын 3 908 450 оқушы бітіріп жатыр. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын аяқтайды. Олардың 217 мыңы мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қадам басады.
