Басты бетЖаңалықтарАстана қаласында Counter-Strike 2 – PGL Astana 2025 халықаралық турнирі өтіп жатыр

Астана қаласында Counter-Strike 2 – PGL Astana 2025 халықаралық турнирі өтіп жатыр

Астанада 10-18 мамыр күндері COUNTER-STRIKE 2 – PGL Astana 2025 ірі халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Турнирді PGL Esports – әлемдегі тәуелсіз киберспорт ұйымы ұйымдастырады.

Жүлде қоры 1 250 000 долларды құрайды.

Турнирге АҚШ, Германия, Сербия, Бразилия, Украина, Моңғолия, Ресей және т.б. елдерден келген 16 команда қатысады. Командалар құрамында Қазақстаннан 5 өкіл бар, олар – ойыншылар: К.Файзнуров («ICY»), А.Қайыржан («kade0»), С.Оразалы («dukefissura»), Д. Голубенко («molodoy»), сондай-ақ жаттықтырушы Р.Телепов («mou»).

Турнир екі кезең бойынша өтеді:
1. Топтық кезең (Elimination Stage).
Астанадағы жабық ойын аймақтарында өткізіледі.
Формат – Швейцария жүйесі (Swiss), барлық матч Best of 3 форматында өтеді.
Үш мәрте жеңіске жеткен командалар келесі кезеңге өтеді, үш рет жеңіліске ұшыраған қатысушылар шет қалады. Барлық матч онлайн режимде көрсетіледі.
2. Плей-офф кезеңі (Champions Stage).
Астанада 16-18 мамыр аралығында «Барыс Аренада» өтеді.
Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша ең мықты 8 команда қатысады.
Барлық матч Best of 3 форматында өтеді.
Турнирдің соңғы матчы да Best of 3 форматында ойнатылады. Турнир жеңімпазы PGL Major Astana 2025 чемпионы атанып, турнирдің бас жүлдесін алады.

ҚР Киберспорт федерациясы хабарламасында Қазақстанда PGL турнирін өткізу еліміздің жаһандық киберспорт аренасындағы позициясын нығайтатыны, халықаралық қоғамдастықтың назарын аударатыны, инфрақұрылымның өсуіне және жергілікті ойыншылар үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал ете отырып, еліміздегі киберспортты дамытудағы маңызды қадам болатыны айтылған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да