Басты бетЖаңалықтарSamsung Bespoke AI тұрмыстық техникасы: өмір жеңілдей түседі

Samsung Bespoke AI тұрмыстық техникасы: өмір жеңілдей түседі

Samsung кезінде бүкіл әлемде шығарған Bespoke AI тұрмыстық техникасының жаңа топтамасын Қазақстанда ұсынады.

Бұл флагмандық серия тұтынушылардың өмірін жайлы әрі ыңғайлы ететін дербес дизайн-шешімді және жасанды интеллектің жетілдірілген технологияларын көрсетеді.

Енді техника жасанды интеллектің арқасында үй иесінің өмір салтына қарай икемделеді: күнделікті әдеттерін есте сақтайды, жұмыс өлшемдерін автоматты түрде реттейді және қасына адамның жақындағанын сезеді.

Мысалы, Samsung Bespoke AI Laundry Combo кір жуу-кептіру машинасы матаның түрін, ластану деңгейін және су мен жуғыш заттың оңтайлы мөлшерін автоматты түрде анықтайды, сөйтіп жасанды интеллект осы дерекке қарай жуу және кептіру процесін реттейді. Кіріктірілген 7 дюймдік AI Home дисплейі арқылы тұтынушылар кіріктірілген SmartThings қолданбасы арқылы қосылған кез келген тұрмыстық техниканы басқара алады. Ал цикл соңында есіктің автоматты түрде ашылуы ылғал жинатпайды, сөйтіп жағымсыз иіс шықпайды.

Samsung Bespoke FDR төрт есікті тоңазытқышы ішіндегі тағамдарды камера арқылы ажырататын AI Vision Inside (ішкі AI-камера) технологиясымен жабдықталған. Ол SmartThings арқылы қолдағы бар ингредиенттерге негізделген рецептер ұсынады. Бұл тағам қалдығын азайтуға көмектеседі.

Samsung Bespoke AI Jet Bot Combo Steam робот-шаңсорғышы адамдарды, үй жануарларын және кішкентай заттарды танып, оларды ақырын айналып өтеді. Жетілдірілген RGB және инфрақызыл тетіктер құрылғыға түрлі түсті ғана емес, мөлдір сұйықты да анықтауға мүмкіндік береді. Таңдалған тазалау режиміне байланысты робот төгілген сұйықты да тазалап кетпеу немесе су болып қалмас үшін оны айналып өтеді.

Тік Bespoke AI Jet Ultra 400W деген тағы бір Samsung шаңсорғышының қазіргі уақытта әлемдік нарықта 400 Вт ең жоғары сору қуаты және жетілдірілген AI мүмкіндігі бар. Шаңсорғыш еден жабыны түрлерін автоматты түрде ажыратады және оңтайлы жұмыс режимін таңдайды, шаң сорып жатқанда келген қоңырау мен хабарлама туралы хабарландыру жібереді!

Samsung WindFree™ кондиционері – суық ауа ағынынсыз, кеңістікті тиімді салқындатудың жалғыз жүйесі. Құрылғы қолданушының өмір салтына бейімделеді. Мысалы, иесі үйге оралғанын  GPS арқылы «көреді» де, ол келген кезде қолайлы температураны орнатады. Сонымен қатар PM1.0 сүзгісі ауаны тыныс алу жолдарына еніп, тіпті өте жұқа ластаушы заттарды жылдам ұстай алатын ең кішкентай шаң бөлшектерінен тиімді тазартады.

Samsung Bespoke AI топтамасының бәрі интернетке Wi-Fi арқылы қосылады, SmartThings қолданбасы арқылы қашықтан басқарылады. Қолданушы үйде болмаса да, смартфонды бір рет түрту арқылы құрылғылардың жұмысын басқарып, хабарландыру ала алады, параметрді өзгертіп, қалаған режимді іске қоса береді. Ал AI Energy функциясы барлық дерлік құрылғы жұмысын оңтайландыру арқылы энергияны үнемдеуге көмектеседі.

Samsung Bespoke AI тұрмыстық техникасы – айрықша интерьерді айқындап қана қоймай, күнделікті өміріңізді жеңіл, ыңғайлы әрі «зерделі» ете түсетін инновациялық шешім. Өз жұмысһыңызбен айналыса беріңіз, демалыңыз, көңіл көтеріңіз, ал Bespoke AI экожүйесінің ақылды көмекшілері өзіңізге және үйіңізге қамқор болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да