Басты бет Жаңалықтар Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үйге қатысушылардың 81%-і өтініш берді

Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үйге қатысушылардың 81%-і өтініш берді

Фото: Нұрназар Әмзе
Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы қатысушыларының 81%-і жеңілдетілген ипотекаға өтініш берді.

Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлап отыр.

2025 жылдан бастап жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы кезең-кезеңімен аяқталады.

Бағдарлама қатысушылары жалдау шартында белгіленген мерзімнің аяқталуына байланысты мемлекеттік пәтерлерден шығып жатыр. Оларға мемлекет тиімді балама ұсынып отыр – 17 өңірде «Отбасы банкімен» бірлесіп жастарға арналған жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылды. Бастапқы жарна – тұрғын үй құнының 10-20%-ін, жылдық мөлшерлеме өңірге байланысты 5-9%-і болды.

Бүгінгі таңда «Отбасы банк» АҚ филиалдарына 2026 адам жүгінді. Бұл – жалдамалы тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардың жалпы санының 81%-і.

Нәтижесінде 647 адамға несие берілді, 321 адам баспана іздеу үстінде. Қалған қатысушылардың төлем қабілеттілігін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Exit mobile version