Басты бет Жаңалықтар Мемлекет басшысы тұрғын үй мәселесі бойынша тапсырма берді

Мемлекет басшысы тұрғын үй мәселесі бойынша тапсырма берді

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Қазақстан президенті елдің тұрғын үй қорын басқаруды реформалау қажеттігін айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Тағы бір маңызды міндет – тұрғын үй қорын басқару жүйесін жаппай реформалау. Қала құрылысын жоспарлаудан бастап, нысандарды пайдалануға беруге дейінгі барлық үдерісті цифрлық форматқа толық көшіру қажет, — деді президент.

Мемлекет басшысы бірыңғай ақпарат жүйесін жыл соңына дейін әзірлеу керек екенін айтты.

Біз былтыр тұрғын үй құрылысы бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік (19 миллион шаршы метр). Бұл – өте жақсы. Бірақ тұрғын үйдің санына емес, сапасына және оның қолжетімді болуына баса назар аударған жөн, — деді мемлекет басшысы.

Exit mobile version