Басты бет Жаңалықтар Қанат Ислам IBF рейтингінде жеті саты жоғары көтерілді

Қанат Ислам IBF рейтингінде жеті саты жоғары көтерілді

Бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Қанат "QAZAQ" Ислам (23-0, 19 КО) Халықаралық бокс федерациясының (IBF) жаңартылған рейтингінде жеті саты жоғарылады.

©Көрнекі фото

Отандасымыз жаңартылған рейтингте 13 орыннан 6 орынға көтеріліпті. Ал жартылай орта салмақта өнер көрсететін Жанқош Тұраров 12 орнын сақтап тұр.

Еске салайық, кәсіпқой бокстағы өзінің кезекті кездесуін 26 мамыр күні Флоридада өткізеді. Отандасымыздың қарсыласы мексикалық Норберто Гонсалес болмақ. Ол кәсіпқой бокстағы 31 кездесу өткізіп, 23 кездесуде жеңіске жетсе, 8 кездесуде жеңіліп қалған.

Бүгін осы кездесуге дайындалу үшін Қанат Ислам Лас-Вегаста келді. Сондай-ақ Қанат Ислам 6 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena аренасында өтетін Сауль «Канело» Альварес (48-1-1, 34 КО) пен кіші Хулио Сезар Чавес арасындағы жекпе-жекті тамашалайды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version