Петропавлда үш адамды қасақана өлтірді деп айыпталған ер адамға сот үкімі шықты. Бұл туралы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлап отыр.
Алқабилер соты петропавлдық 25 жастағы ер адамды үш адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ол бірге тұратын әйелді, оның кішкентай қызын және өзінің інісін өлтіріп, қылмысты жасыру үшін үйді өртеп жіберген.
Қылмыс 2023 жылғы қыркүйекте болған.
Сотталушы жеке үйдегі өрттен тірі қалған жалғыз адам. Кейінірек тергеу барысында екі баланың өртке дейін, ал 20 жастағы әйел уланып қайтыс болғаны анықталды. Сарапшылар бұл тұжырымды денелерді эксгумациялаудан және қайта тексеруден кейін жасады, — делінген хабарламада.
Прокурорлардың айтуынша, ер адам кісі өлтіруді жасыру үшін үйді әдейі өртеген.
Сот айыптау үкімін шығарды. Қазылар алқасы айыпталушыны кінәлі деп тапты. Сот оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотталушының үкімге шағымдануына 15 күн бар, — деді сот.