Басты бетЖаңалықтарҚазақстанның 11 облысында құрғақшылық болады

Қазақстанның 11 облысында құрғақшылық болады

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев құрғақшылыққа қатысты болжамды жариялады.

Мамыр айы елдің көп бөлігінде ыстық және құрғақ болады. Алайда егін егетін өңірлерде және оңтүстікте жауын-шашын көлемі климаттық нормаға жақындайды.

Мамыр айында Қостанай облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының оңтүстік-батыс жартысында, Қызылорда облысының солтүстік-батыс бөлігінде, Алматы және Жамбыл облыстарының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, сонымен қатар Ақтөбе, Атырау, Абай және Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында құрғақшылық болады деп болжанып жатыр, — деді Ерлан Нысанбаев үкіметтің бүгінгі отырысында.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да