Басты бетЖаңалықтарҮкімет шегірткелермен күресу үшін бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөлді

Үкімет шегірткелермен күресу үшін бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөлді

Үкімет Түркістан облысы мен Жамбыл облысындағы шегірткелермен күресу үшін республикалық бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөлді.

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Үкіметтің мәліметінше, премьер-министр Түркістан және Жамбыл облыстарында шегірткеге қарсы күрес шараларын күшейтуді тапсырған.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, қазір шегірткелер 2,1 миллион гектар аумаққа таралған.

Зиянкестермен күресуге республикалық бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөлінді. Шегірткемен күресу үшін 443 техника мен 4 625 адам тартылады. 12 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл және Түркістан облыстарында 396,6 мың гектар жерді шегірткеден тазарту керек, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да