Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда сейсенбі күні ауа райы қандай болады?

Қазақстанда сейсенбі күні ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 13 мамыр, сейсенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жариялады.

Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып қала береді.

Найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады, жел күшейеді, ал солтүстік-батыс пен солтүстікте нөсер болады. Тек елдің орталығы, шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде және таңертең еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түседі.

Маңғыстау, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының батысы мен солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Түркістан облысының таулы аймақтарында, Алматы облысының солтүстігі мен батысында, Атырау облысының оңтүстігі мен батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және батысында, Павлодар облысының оңтүстік жартысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысында, Ақмола облысының батысы, оңтүстігі және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының батысы мен орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Ұлытау облысының батысы мен оңтүстігінде 35 градусқа дейін ысиды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да