Басты бетЖаңалықтарАлматыда банктен ақша ұрламақ болған ер адам ұсталды

Алматыда банктен ақша ұрламақ болған ер адам ұсталды

Алматыда полиция екінші деңгейлі банк бөлімшесінен ақша ұрламақ болған күдіктіні ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.

Қылмыс түнде жасалған.

Белгісіз ер адам ғимаратқа терезе арқылы кіріп, одан кейін кассаға өтпек болғанымен, брондалған шыныны сындыра алмаған. Бұл әрекеттің бекер екенін түсінген күдікті оқиға орнынан кетіп қалған, — деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Криминалдық полиция басқармасы Жетісу аудандық полициясымен бірлесіп жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қысқа мерзімде 32 жастағы күдікті ұсталды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да