Қазақстанда қасиетті Құрбан айт мейрамында қай күндері демалыс болатыны анықталды. Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға, яғни, жұмаға сәйкес келеді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстан азаматтары үш күн қатарынан демалады.
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 6, 7, 8 маусым – демалыс күндері.
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 6 маусым – демалыс, 7 маусым – жұмыс күні, 8 маусым – демалыс.