Басты бетЖаңалықтарҚазақстан президенті мен Абу Дабидің тақ мұрагері қандай құжаттарға қол қойды?

Қазақстан президенті мен Абу Дабидің тақ мұрагері қандай құжаттарға қол қойды?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абу Дабидің тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның келіссөздері аяқталғаннан кейін екіжақты құжаттар алмасу рәсімі өтті.

Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр. 

  1. Қазақстан Республикасы көлік министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктері энергетика және инфрақұрылым министрлігі арасында автокөлік саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум; 
  2. Қазақстан Республикасы әділет министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктері әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум; 
  3. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен Masdar компаниясы арасында Қазақстан Республикасында 2 мың МВт-қа дейін қуат сақтау жүйесі және 500 МВт-қа дейін тәуліктік энергиямен қамту жобаларын әзірлеу бойынша ынтымақтастық туралы келісім;
  4. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен AIQ арасында Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын цифрлық трансформациялау бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;
  5. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен Abu Dhabi Commercial Bank арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;
  6. Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Presight компаниясы арасында Қазақстан Республикасында суперкомпьютер кластерін құру жөніндегі келісім;
  7. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен Abu Dhabi Ports Group арасындағы сауда флотын кеңейту бойынша ынтымақтастықты дамытуға қатысты хаттама;
  8. QazaqGaz ҰК» АҚ мен AIQ арасында мұнай-газ саласын цифрландыру бағытындағы ықпалдастық мәселелері бойынша стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі келісім; 
  9. Түркістан облысы әкімдігі мен Абу Даби даму қоры арасында Түркістан қаласында шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян атындағы перзентхана құрылысын салу және қаржыландыруға қатысты өзара түсіністік туралы меморандум;
  10. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Terminals Astana Airport Limited арасында Астана қаласының Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы мен оған іргелес аумақты дамытуға инвестиция салу туралы келісім.

Бұдан бөлек, құжат алмасу рәсімінде Қазақстан Республикасы үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері үкіметі арасында жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы келісімнің ратификацияланғаны туралы хабарланды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да