Басты бетЖаңалықтарАлматыдан 234 шақырым қашықта жер сілкінісі тіркелді

Алматыдан 234 шақырым қашықта жер сілкінісі тіркелді

Алматыдан 234 шақырым қашықта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 234 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

12 мамыр күні таңертең Астана уақытымен сағат 06:33–те ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.

Сейсмологтердің мәліметінше, жер сілкінісінің координаттары 41,682° с. е. және 74,960° ш. б., ал тереңдігі 10 км құраған.

Жер сілкінісінің магнитудасы MPV шкаласы бойынша 4,8-ге жетті, ал энергетикалық класы 10,4 болды. Қазақстанның елді мекендерінде есептік қарқындылығы байқалған жоқ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да