Басты бетЖаңалықтарПрезидент Қазақстан-БАӘ арасындағы ЖЭС-ке қатысты келісімді ратификациялады

Президент Қазақстан-БАӘ арасындағы ЖЭС-ке қатысты келісімді ратификациялады

Қазақстан үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің үкіметі бірлесіп жел электр станциясы жобасын іске асырады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің үкіметі арасындағы жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да