Басты бетЖаңалықтарАлматыдағы өзен-көлдерде су деңгейі көтеріледі

Алматыдағы өзен-көлдерде су деңгейі көтеріледі

Алматыда өзендегі су деңгейі көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлап отыр.

Алматының таулы аймақтарында жауын-шашынға байланысты 11 мамыр күні өзендердегі су деңгейінің көтеріліп, кейбір аумақтарда су тасуы мүмкін, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар 12 мамырда найзағай ойнап, нөсер жауын болады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтап, тау бөктерлері мен өзен арналарына жақындамауға шақырамыз, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да